Отбасы күніне орай «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті.
Ағымдағы жылдың 15 мамырында Отбасы күніне орай «Әкем, шешем және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайысты дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А. Умбетов пен Р. Бапахова ұйымдастырды. Сайысқа 8 «А», 9 «А», 9 «Б», 10 «А», 11 «А» сыныптарының құрама топтары қатысып, спорттық ойын түрлерінен бақ сынады. Жеңіске жеткен топтар марапатталып, сынып жетекшілерінің атынан сыйлықтар табыс етілді. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау.
Смотрите также
