G
enby!

Ануар Даиров: Шекара қоя білу мен “жұмсақ” болудың айырмашылығы неде?

Бұл эпизодта көшбасшылық туралы бұрын айтылмаған маңызды мәселелерді қозғаймыз. Көшбасшы болу – қаталдықпен емес, ақылмен және әділдікпен өлшенуі тиіс. Бұл алдымен жүйе қалыптастыру, командамен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату және ең алдымен өзіңмен үйлесімде болуды білдіреді. Қонақ: Ануар Даиров — TAIPA Academy негізін қалаушы, мамандарды басқаруға және жүйелі ойлауға үйрететін тәжірибелі сарапшы. Бүгін Ануармен бірге мына тақырыптарды талқылаймыз: Ілгері жетелейтін күш - мотивацияны жоғалған сәтте, оны қайта жандырудың жолы қандай? Неге кей басшылар бәрін өздері істеп, тез шаршап, шегіне жетеді? Шекара қоя білу мен “жұмсақ” болудың айырмашылығы неде? Бүгінгі заман талабына сай қандай көшбасшының бейнесі идеал бола алады? Бұл эпизод кімге арналады? -Команда басқарып жүрсеңіз немесе болашақта жетекші болуды мақсат етсеңіз; -«Бәрін өзім істеуім керек» деген оймен шаршап жүрген болсаңыз; -Ішкі мотивацияңыз әлсіреп, қай бағытқа барарыңызды білмей жүрсеңіз; -Күйзеліс пен тоқыраудың шегінде жүргеніңізді сезінсеңіз; -Басқару, талап қою және сенім орнату жолдарын жаңаша көзқараспен қарастырғыңыз келсе... Ануар Даировтың парақшалары: YouTube —    / @anuardairov4684   Instagram —   / anuar.dairov   Жүргізуші: Айна Задабек — Qazir Erteñ подкасының жүргізушісі Instagram —   / aina_zadabek   Жаңа ой мен тың бағыт іздесеңіз — дәл осы алаң сізге арналады. Эпизодты тыңдаңыз, бөлісіңіз. Көшбасшылық қабілетіңізді жүйелі түрде дамытуға кірісетін уақыт келді.

Смотрите также