G
enby!

«Көшпенділер қалашығы» Қонаев қаласының меншігіне өтті

Алматы облысындағы «Көшпенділер қалашығы» «Қазақфильм» меншігінен алынып, Қонаев қаласының балансына өтті, деп хабарлайды 24kz. Нысанға қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі иелік етеді. Қазір қалашыққа апаратын тасжол төселіп жатыр. Келіссөздер нәтижесінде «Қазақфильм» декорациялық кешенді Қонаев қалалық әкімдігінің балансына өткізді. «Көшпенділер қалашығына» ұзындығы 7 шақырымдық тасжол төсеу жұмыстары басталды. Екі жолақты жолдың ұзындығы 7 метр болады және жол жиегі түгелдей жарықтандырылады. Жол құрылысы биыл аяқталады. Қазір аталған нысанды қалпына келтіру үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып жатыр. Болашақта мұнда ғаламтор желісі тартылады. Алматы облыстық цифрлық даму басқармасымен келіссөз жүргізілуде. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также