G
enby!

Таласқа түскен батыр: Қожаберген батыр Найман ба, әлде Керей ме?

Өр Алтай мен Атыраудың, Ертіс пен Еділдің арасын жалғап жатқан қазақтың ұланғайыр атырабын аттың үстінде жүріп қорғаған ержүрек бабаларымыздың ерлігі өлшеусіз. Ал бабаларды ұлықтау – ұрпақ парызы. Алайда бірер жыл бұрын сондай баһадүр бабаның бірі Қожаберген батыр таласқа түсіп, Керей мен Найман рулары ұрпақтарының арасында түсініспеушілік орын алды. Бұл дау Керей руының ұрпақтары Тана мырза ауылының іргесінде жатқан Қожаберген батырға зәулім кесене салғаннан кейін басталған. Алтаймен қол ұстасқан Тарбағатай күнгейін ежелден Жеті Жанболат ұрпақтары мекен еткен. Мыңғырған мал жайылған осынау кең де құнарлы жерге Найманның ішіндегі Жанай руы қоныс тепкен. Сондықтан Найман ұрпақтары кесене салушы тарапқа бұл жердегі бейіт Жанай руынан шыққан Қожаберген Сартұлына тиесілі екенін айтқан. Сонымен аттас батырлар ұрпақтарының арасындағы бұл даудың түйінін ғылым тарқатқан. Яғни тараптар ғылымға жүгініп, ДНҚ сараптамасын жасауды жөн көрген. ДНҚ сараптамасын жүргізуде ең алдымен Наймманнан шыққан Қожаберген батыр ұрпақтарының екі өкілінен және Керейден шыққан Қожаберген батыр ұрпақтарының үш өкілінен сілекей алынып, ол АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы ДНҚ-тест жөніндегі әлемдік көшбасшы компания Фэмили ТРИ ДНА (FamilyTreeDNA) зертханасына жіберілген. Ондағы ДНҚ қорытындысы бойынша тест тапсырғандар нақты Найман мен Керей ұрпақтары екені анықталған. Бұдан кейін мазардағы Қожаберген батырдың мүрдесі қазылып, бас сүйектен төрт тіс алынып, Хьюстондағы нәтижемен бірге Алматы қаласындағы «Три Ген» қазақстандық генетикалық зертханаға жолданған. Нәтижесінде мазардағы батыр Найманның ішіндегі Жанай руынан шыққан Қожаберген Сартұлының сүйегі екені расталған. Құжат халықаралық стандартқа сай жасалған. ДНҚ жасалмас бұрын тараптар «бұл бейіт кімнің бабасы болса, кесене сол рудың ұрпағына қалады» деп өзара ант берісіпті. Ежелден қазақ аталы сөзге тоқтаған халық қой. Осылайша, екі рудың ұрпақтары ДНҚ қорытындысынан кейін бейбіт бітімге келген. Жанай ата ұрпақтары Керей руының өкілдеріне ризашылықтарын жеткізді. Егер бұлкесене салынбаса, Қожаберген Сартұлының зираты, бәлкім, табылмас та еді дейді ұрпақтары. Жанай руынан атқа қонған небір ержүрек батыр, би-шешендер, дін ұстаған қажылар шыққан. Таласқа түсіп, Жанай ұрпағы екені ғылыми жолмен дәлелденген Қожаберген батырСартұлының алтыншы ұрпағы кәсіпкер, меценат Кәкен Тоқтаров өзінің туған өлкесі Абай облысы Ақсуат ауылында бабалар рухына арнап ас берді.

Смотрите также