ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы Отбасы аллеясы саябағында тұрғындарға арналған жаңа спорт кешені мен заманауи балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.Бұл нысандар қала тұрғындары мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне,салауатты өмір салтын ұстануына және отбасылық демалысқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жергілікті тұрғындар жаңа спорт аймағының ашылғанына дән риза. Олар мұндай игі істер қаланың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға үлкен үлес қосатынын атап өтті.