G
enby!

4.6 - Құрамды шарттарды программалау

Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 7 сынып информатика Алматы баспасы бойынша #питон сабақтарына шолуды жалғастыратын боламыз. Инстаграм: @roboforce_ WhatsApp: 87027280307 Құрамды шарттар дегеніміз – логикалық амалдар көмегімен тұтас бір шартқа біріктірілген бірнеше қарапайым шарт. Логикалық көбейту (конъюнкция – «and», 1-кесте) дегеніміз – екі немесе одан да көп пікірлерді «және» жалғаулық шылауының көмегімен біріктіру амалы. «Конъюнкция» сөзі «және» жалғаулық шылауына сәйкес келеді. Логикалық қосу (дизъюнкция – ‘or’). Екі немесе одан да көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру амалы логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады. «Дизъюнкция» сөзі «немесе» жалғаулығына сәйкес келеді. Логикалық теріске шығару (инверсия – ‘not’). «Емес» сөзінің көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық теріске шығару немесе инверсия деп аталады. «Инверсия» сөзі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне және «емес» сөзіне сәйкес келеді.

Смотрите также