"АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ": ЭТНОМЕДИАЦИЯ ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МӘДЕНИЕТІ
Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Елдесу және татуласу» жобасы бойынша этномедиацияны дамыту және қоғамдағы бірлікті нығайтуға арналған екі күндік оқу-семинар басталды. Іс-шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен 21–22 қазан күндері «М. Байғұт атындағы студенттер үйінде» өтетін болады.