Ақтөбеде теміржол вокзалының кәсіпкерлері бас көтерді
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Ақтөбеде теміржол вокзалының кәсіпкерлері бас көтерді. Күту залында дүңгіршек ашып, сауда жасайтын жандар далада қаламыз ба деп алаңдайды. Себебі, ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. Ұлттық компания өкілдері келісімшарт біржақты бұзылады, орындарыңды сақтап қала алмаймыз деп ашық айтыпты. Бұл талап саудамен жан бағып отырған елуге жуық адамның наразылығын туғызған. Толығырақ мән-жайды өңірдегі әріптесім Кәмшат Қопаева біліп келді. Кәсіпкерлердің вокзал ішінен кеткісі жоқ. Себебі, жолаушы үзілмейтін жер саудагерлер үшін таптырмас табыс көзі. Оған қоса, көбі әйнек пен пластиктен дүңгіршек жасау үшін несие алып, қарызға батқан. СЕРГЕЙ МЕХМЕТОВ, кәсіпкер: Конкурстан ұтып алғаннан кейін. Кредит алып, вложение жасадық. Бутик құрдық. Ішіне товарлар алдық. Бәрі қаражат, ақша. Бұзғаннан кейін келеміз бе келмейміз бе белгісіз. Осы немен семьямызды асырап отырмыз. Азын-аулақ пайдамен күн көріп отырмыз деген жандардың тыныштығын "орындарыңды босатыңдар" деген хабарлама бұзған. Яғни, жақын күндері ескірген вокзалды жаңарту жұмыстары басталады екен. Жалға алушылар құрылысқа қарсы емес. Бірақ келісімшарттың біржақты бұзылатыны кәсіпкерлердің алаңдаушылығын туғызған. АБЗАЛ АМАНШЕЕВ, кәсіпкер: Осы КТЖ-ның біржақты келісімшартты бұзуына біз келіспейміз. Себебі біз ол нысанға көп миллиондық инвестиция салдық. Енді осы мәселені келісімшартты уақытша тоқтатып, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта жалғастырып, сөйтіп шешуге болады деп ойлаймыз. Біз ақша құйған кезде бізге гарантия береді деп ойладық қой. Ал "Қазақстан теміржолы" компаниясының өкілдері шешіміміз өзгермейді деп кесіп айтты. Оған себеп те бар екен. ЖАЙЛАУБАЙ СЕРҒАЛИ, «Қазақстан теміржолы ҰҚ» АҚ Ақтөбе магистралды желісі бөлімінің директоры: Кәсіпкерлермен қазіргі таңда шарт созылмайды. Біткеннен кейінгі вокзалдың қандай модульда болатынын, қандай күйде болатынын білмейміз. Жалпы проект құжаттарын облыс акиматы дайындаған. Оны көргеннен кейін, күрделі жөндеуден кейін қандай жағдайда болады. Сосын барып көріп, сосын шешеміз. КӘМШАТ ҚОПАЕВА, тілші: Жауаптылар құрылыс аяқталғаннан кейін конкурс жарияландарын жеткізді. Яғни орын алу үшін кәсіпкерлер құжаттарын қайта тапсыруға тиіс. Бірақ бұл шартпен келіспейтін жандар құзырлы органдарға шағымданбақ. Олар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан да көмек сұрауды көздеген. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық