G
enby!

Бүкпесіз әңгіме: Шешендік өнер және тіл тағдыры. (2-бөлім).

Мектепке шешендік өнер пәнін енгізу керек пе? Осы замандағы шешендер кімдер? Бұл ғасырда шешендік өнерді сақтай аламыз ба? Шешендік бар адамға, барлық салаға қажет пе? Тіл тазалығын сақтауды мәдениеттіліктің көрінісі ете аламыз ба? Ол үшін не істеу керек? Мамай Ахеттің жүргізушіліктегі басты қағидасы қандай? Асабалар қандай болу керек? Зерттеушінің шешендік өнерге қатысты еңбегі неге шықпай жатыр? Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілге деген ықыласы өзгерді ме? Сіз өзіңіз бір дүниені өзгертуге тырыстыңыз ба? Жас буынды кітап оқуға қалай бағыттап, қызықтыра аламыз? 13:58 «Су басынан тұниды, жоғары жақ сөйлемесе төмен жақ сөйлемейді» дейді, ал енді жоғары жақта отырған кісілер айтады: «бір-бірлеріңмен қазақша сөйлесіңдер» дейді. Сөйтіп тілдің мәселесіе біреу жоғарыға, біреу төмен лақтырып жүрсе ол қалай шешіледі? Кімнің қолында тілдің тағдыры, не істеу керек?... 23:11 ... демек, осындай түсініктен арылу үшін, шешендіктің мән-маңызын түсіндіру үшін ата-ананың шамас жетпесе мектепке шешендік өнерді арнайы пән ретінде енгізу керек шығар?... 23:28 Бізде де ертелі-кеш жоғарғы оқу орындары мен мектептің жоғарғы сыныптарында міндетті түрде болашақта енгізіледі деп ойлаймын. Өйткені, сөйлеу өнері деген ... 28:13 Шешендік өнерді мына ғасырда сақтай аламыз ба? Қазір енді телефонға телмірген қысқа мәтіндерге бейімделген жаңа ұрпақ өсіп келе жатыр... 30:38 Тілдің тазалығын сақтап сөйлеуді мәдениеттіліктің көрінісі деген деңгейге алып келе аламыз ба? Ол үшін не істеу керек?... 32:40 Сізді талай төрге шығарған шығар? Айтыңызшы нақты мысалын, игілігін көрген шығарсыз?... 34:15 Бізде асабалар, тамадалар өзінің шығармашылық кешіне айналдырып жібереді, қандай да бір жиынды, кез-келген асабаның міндеті мейлінше аз сөйлеу... 35:49 Осыншалықты үлкен жиындарымызды, үлкен тойларымызды өткере отырып, қаншама шығындала отырып, сол жерлерді үлкен бейбастақтықтың, мәдениетсіздіктің ортасы қылып алмау жағын қазір көбірек бас қатыру керек... 37:01 Бүгінгі отандық ғылымның дамуына жақсы әсер ету үшін, жақсы ықпал ету үшін нелер істеу керек деп ойлайсыз... 39:01 Біз осы ғалымдардың беделін өзіне қайтаруымыз керек...

Смотрите также