«Сергелдең»романы/X тарау/Авторы:Зейнолла Сәнік/Оқыған диктор: Аманжан Еңсебайұлы
«Сергелдең» романы/Авторы: Зейнолла Сәнік/Оқыған диктор: Аманжан Еңсебайұлы, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ» радиосының ардагері/X тарау Көрнекті жазушы, этнограф, баспагер, фольклоршы Зейнолла Сәніктің «Сергелдең» атты тарихи романына қазақ халқының тағдыр тәлкегіне ұшырап сан өліп, сан тірілген алмағайып өмірі арқау болады. Онда атақты батыр қолбасы Қабанбай (Ерасыл) Қожақұлұлының інісі Тұматай ұрпақтарының Арқадан Тарбағатайға, одан өр Алтайға, өр Алтайдан Гималай асып, Үнді мұхиты арқылы Қара теңізге дейін сергелдең күй кешкені, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін атажұртқа ат басын тірегені түрлі оқиғалармен, тарихи деректермен баяндалады.