G
enby!

Нұрғиса Тілендиевтің туған күні

1 сәуір – белгілі композитор, Кеңес одағының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан халық әртісі, Халық қаһарманы, күйші Нұрғиса Тілендиевтің туған күні. Ол – қазақ музыкалық мәдениетіне сазгер, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер, 500-ден астам музыкалық төл туындылардың авторы. Нұр ағаның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет» сияқты күйлері мен «Сарыжайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған лирикалық әндері – жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасына айналған баға жетпес туындылар. Халқының сағынышына айналған Нұрғиса Тілендиев бүгін тоқсан беске толар еді «Dombyra» телеарнасы – қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі әндері мен ұлттық күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна

Смотрите также