G
enby!

Көлігінен 20 оқ табылды

Бұл Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қалалық тұрғын үй басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры 31 жастағы Ернар Жиембайдың 5 рет оқ атқан сәті. Оқиға қала әкімдігі ғимаратының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кеше оны Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс құжаттарын зерделеу кезінде көрсетті. Бейнебақылаудан жәбірленуші Берденовтің әкімдік ғимаратынан қашан шыққаны, айыпталушы Жиембайдың оған оқты қалай атқаны және оны кім қалай ұстағаны жаылып қалған. Бірақ бұл видеода жәбірленуші Берденовтың қандай күйде жатқаны көрінбейді. Тек оның айналасында бірнеше адамның жүрген сұлбасы байқалады. Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін / Мнение редакции может не совпадать с мнением автора. Басқа жаңалықтар: https://kz.otyrar.kz
Еще новости: https://otyrar.kz

Смотрите также