G
enby!

Шұғыл шақырылым 14.08.2025

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні бейнебақылау камералары тіркеді. 20 жастағы азамат қала көшелерінде көлікті басқарып, жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, апатты жағдайлар туғызған. Сонымен қатар, ол көлігін заңсыз қайта жабдықтаған. Темір тұлпардың шығару жүйесінен қою түтін шығып, жолдағы көрінуді нашарлатып, өзге жүргізушілердің қозғалысына кедергі келтірген. Патрульдік полиция қызметкерлері құқықбұзушыны дереу тоқтатты. Оған бірнеше бап бойынша, соның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де әкімшілік хаттамалар толтырылды. Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін / Мнение редакции может не совпадать с мнением автора. Басқа жаңалықтар: https://kz.otyrar.kz
Еще новости: https://otyrar.kz

Смотрите также