G
enby!

Тәтті сусындар мен энергетиктерге жиырма пайыз салық салуды жоспарланып отыр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылы тәтті сусындар мен энергетиктерге жиырма пайыз салық салуды жоспарлаған. Өйткені, бұл өнімдер халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді дейді. Семіздік пен қант диабеті, тісжегінің бұзылуы, кальцийдің азаюы осы сусындарды шамадан тыс тұтынудан болып жатқанын жеткізді. Сондықтан сұранысты азайту үшін қосымша акциздік салық енгізу мәселесін мықтап қолға алмақ. Елімізде газдалған, тәтті және энергетикалық сусындарды тұтынатындардың саны жыл санап көбейіп келеді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл азаматтарды семіздікке әкеліп, қант диабетіне шалдықтырады. Тәтті сусындарға балалардың әуес болуынан бұл аурулар жасарғанын жеткізді. ГҮЛНӘР СӘРСЕНБАЕВА, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі департамент директорының орынбасары: Аталған сусындардың қолжетімді болуы кері әсерін тигізіп жатыр. Өйткені екінің бірі күнде тәтті, газдалған сусындарды тұтынады. Энергетикалық сусындарды ішеді. Оны шектен тыс қолдану аурудың белең алуына әкеледі. Сондықтан акциз енгізу мәселесін көтеріп отырмыз. Яғни, салық салу арқылы шамадан тыс қолдануды тоқтата аламыз деп ойлаймын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, құрамында қанты бар сусындарға салық кем дегенде 20 пайыз болуы керек. Отандық мамандардың есептеуінше, елімізде 6 мен 9 жас аралығындағы ұл-қыздардың 17 пайызы тәтті сусындарды күн сайын тұтынады. Ал 9 миллионнан астам қазақстандық тұрақты түрде энергетикалық сусын ішеді. Соның кесірінен соңғы бес жылда қант диабетімен ауыратындар саны отыз пайызға артыпты. Тұрғындардың бұл мәселеге қатысты пікірі қақ жарылды. Ал қанты бар сусындарды өндіретін кәсіпкерлер салықты көбейту тек өнім бағасын өсіруге сеп болады деп отыр. Тіпті, отандық кәсіпорындар бәсекеге төтеп бере алмай импорттық тауарлар ел нарығын жаулайды деп есептейді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, заң жобасы әлі талқыланып жатыр. Жоспар бойынша келесі жылы нақты шешім шығуы тиіс. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также