G
enby!

Енді тегін болмайды! Қант диабетімен күресіп жатқан 500 000 отандасымыз көмексіз қалды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Қант диабеті әлеуметтік маңызы бар аурулардың қатарынан алынып тасталды. Сәйкесінше, бұл дертпен күресіп жатқан жарты миллионға жуық қазақстандық медициналық көмексіз қалды. Жаңа заңға осы ауруға шалдыққан тұрғындар наразы. Олар денсаулық сақтау министрлігіне қандай талаптар қояды? Тұрғындардың жанайқайын әріптесім Гүлай Ашекова тыңдап көрді. 21 жастағы Наиль Закишев 9 жасынан бері осы қант диабетімен күресіп келеді. Жаңа заңның шығуы студенттің денсаулығына да, қалтанысына да салмақ. Онсыз да 18 жастан асқаннан кейін инсулин помпаларын тегін пайдалану құқығынан айрылған студент үшін бұл заң қиындық туғызады. НАИЛЬ ЗАКИШЕВ, студент: Мен өз шығындарымды өзім толық өтей алмаймын. Себебі мен студентпін. Қосымша жұмыс істеймін, оқимын, оқуға да төлеу керек. Бұл өте қиын. Ал денсаулығыма қатысты айтар болсам, мен өмір бойы инсулинді помпа мен сенсорлы аппаратпен өмір сүріп келемін. Әркез мен қант мөлшерін біліп отыруым керек. Бірақ соңғы уақытта бұл аппаратқа менің ақшам жетпейді. Бүгінде елімізде жарты миллионнан астам адам қант диабетімен ауырады. Ал бұл сырқат инфаркт пен инсульттің негізгі себептерінің бірі. Сондықтан мұндай ауқымды мәселе қараусыз қалмау керек дейді мамандар. ЖАНАЙ АҚАНОВ – Медицина ғылымдарының кандидаты: «Қазақстан эндрокринологиялық орталығы жоқ жалғыз мемлекет. Ауру өте көп, бірақ оны емдейтін орталық жоқ. Демек бізде ұлттық стратегия жоқ. Біз ғана қант диабетіне жеңіл қараймыз. Біз тек көмекті шет мелекеттерден сатып алып жатырмыз. Мысалы, биыл 60 миллиард теңгеге препарат алсақ, келесі жылы ол 70 миллиарад болады. Бұл министрлікке шығын. Сондықтан осындай шешімге келіп отыр. Қант диабеті ауруы қазіргі таңда әлеуметтік мәселеге де айналып отыр. Күн санап, диабет ауруына шалдығатындар саны көбеюде. Сондықтан олар аталмыш дертті әлеуметтік маңызы бар аурулар тізіміне қайтаруды сұрайды. Ал, денсаулық министрлігі көпті алаңдатқан мәселеге әзірге жауап берген жоқ. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также