Парижде алтын ала алмасақ "спрос" кімнен болады? Боксшылар жұлдыз ауруына шалдыққан ба?
Қазақстан спортшылары Парижге аттанып кетті. Енді санаулы күндерден кейін Сена өзенінің жағасында XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанады. Отандастарымыз төртжылдықтың басты бәсекесіне 92 лицензия алған. Оның қаншауы жүлде алуға қауқарлы? Бүгінгі продкаст қонақтары – белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов пен спорт сарапшысы Исатай Мәдиев осы сұраққа жауап іздеп көрді. Соңғы Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржынына бірде-бір алтын медаль түспеген еді. Үміт артқан боксшылар да сенімнен шыға алмаған. Ал, енді спортқа жауапты шенеуніктер мен бапкерлер сол қателіктерден сабақ ала алды ма, соны байқайтын боламыз. Аслан қаженовтің пікірінше, лицензияға соңғы сәтте ғана қол жеткізген боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының чемпионы болады. "Бірінші болдың" тұрақты резиденті Олжас Байбосын болса легионерлердің бірі Қазақстан қоржынына бір алтын салатынына сенімді. Әсіресе, жеңілатлет Нора Джерутоның әлеуеті зор дейді ол. Исатай Мәдиевтің болжауынша, ел аса сенім артпаған спортшылардың бірі топ жарады. Бүгінгі шығарылымда сондай-ақ, балуандар мен боксшылардың Олимпиада ойындарына дайындық деңгейі, олардың жеке өмірі мен оқу-жаттығу жиындары туралы сөз қозғадық. Спортшылардың тәрбиесі де назардан тыс қалмады. Telegram: https://t.me/birinshybol
Сайтымыз: https://1bol.kz/
"Бірінші гол" арнамыз - / @1golkz Подкаст жүргізушісі: Олжас Байбосын - / olzhas_baibosin Қонақтарымыз Аслан Қаженов - / kazhenov.aslan Исатай Мадиев - / issatay_madi #біріншібол #бокс #подкаст