18 жастағы сарбаздың анасы баласын әскерде қорлап, өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп отыр
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Маңғыстау облысында жындыханада жатқан жас сарбаздың анасы тағы бір сұмдықтың бетін ашты. Шыр-пыр болған әйел 18 жастағы балама әскери қызметкерлер сексуалды сипаттағы зорлық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп отыр. Тіпті, жыныс мүшесін көрсетіп, қатардағы жауынгерді мазақ қылғанын жеткізді. Психикалық орталықта жатқан тағы бір сарбаздың туыстары да сап-сау кеткен баланың аяқ асты ауру болып қалғанына әскердегі әлімжеттік себеп дейді. Шынтеміров психикалық орталықтың дәрігерлеріне бар шындықты жайып салды дейді анасы. Айтуынша, әскери бөлімнің старшинасы сау адамның ойына кіріп шықпайтын әрекетке барған. Ұрып-соққаны аздай, балама сексуалдық сипаттағы қорлық көрсетті деп отыр. ЛАУРА ШЫНТЕМІРОВА, сарбаздың анасы: Сормасаң мен сені ұрып-соғамын деген. Сосын балам қашқан. Қашқан кезде артынан қуған. Сөйтіп қолын кескен екен оказывается балам. Қорыққаннан барып отыр. Жаңағындай интимный зонасын көрсеткендіктен өз-өзіне қол жұмсап отыр. Жалғыз куәгер бар, бірақ куәгерлердің барлығы бас тартып отыр біздің балаларға куәгерлік етуден. Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген тағы бір жауынгер Нұргелді Байышты да осы орталықта емделіп жатыр. Әскерге сап-сау кеткен бозбалаға ақ халаттылар ауыр диагноз қойған екен. Анасы жалғыз ұлының мұндай халге жеткеніне әлі сене алмайды. ЖАРҚЫНАЙ ЛҰҚПАНОВА, сарбаздың анасы: Енді он күн аурулардың арасынан шыққаннан кейін бала «раздвоение личности» дейді. Ол қайдан шыққан диагноз? Сап-сау қылып, жеті мүшесін түзу қылып берген баламызды осындай етіп беріп жатыр. Қараптан қарап бала деген 18-19 жасқа дейін бала сап-сау болып келеді де 5 айдың ішінде армияға барған қалай ауру болып шығады? Маған ол түсініксіз. Мен мынандай себеппен алдағы өміріне балта шабуына қарсымын. Қазір бұл істі әскери полиция басқармасы тергеп жатыр. Құрлық әскерлерінің өкілдері 18 жастағы Сұлтан Шынтеміров Астанадағы госпитальға ауыстырылатынын жеткізді. ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі: Сарбаз 15 қыркүйекте алдын ала «психикалық ауытқу» диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Алдағы уақытта оны Астанадағы Бас әскери клиникалық госпитальға ауыстыру жоспарланған. Құқық қорғау органдары әскери қызметкерге қатысты заңсыз әрекеттер болуы мүмкін деген дерек бойынша тексеріс бастады. Жауаптылар әскери бөлімде нақты қандай жағдай болғанын анықтап, кінәлілерді жазалаймыз деп сендірді. Ал, бауыр еті балалары үшін алаңдап, шыр-пыр болған аналар Қорғаныс министрінен көмек сұрайды. ----------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық