«Көшпенділер қалашығы» ресми түрде мемлекет меншігіне өтті
Алматы облысындағы «Көшпенділер қалашығы» ресми түрде мемлекет меншігіне өтті. Бұған дейін ол Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының қарауында болған. Енді аумағы 6 гектарға жуық декорациялық кешен Қонаев қаласының қарамағына берілді. Қазірдің өзінде қалашыққа баратын 7 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталып кетті.