“Ғашық жүрек” cover (Әні: Мұрат Құсайынов. Сөзі: Шөмішбай Сариев)
Сәтбаев Университеті Студенттік филармониясының музыкалық бірлестігі - “MeirBAND” вокалды-аспапты ансамблінің орындауында әйгілі “Дос-Мұқасан” ансамблінің репертуарындағы әннің студенттік бейнеклипі. Албырт студенттік шақтың әсем тұстарының бірі - өз махаббатын жолықтыру. Ғашықтық сезімін басынан кешірген екі жас студенттің алғашқы қадамдары осы бейнеклиптен көрініс тапты. Вокал: Саят Хайбулла Ритм гитара: Аллаберген Бердібеков Бас гитара: Алшын Қойбағар Соло гитара: Артур Нам Пернелер: Сания Айтыбаева Альт саксофон: Ерлан Шілдебай Барабан: Елнұр Тулешов Бейнеклипті түсірген - Мағжан Қарсыбеков. Дыбыс реттеуші - Артур Нам. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі: Жамбыл Құлесов. Түсірілім Сәтбаев Университетінің аумағында және Достық паркінде орын алды.