Мұрат Құсайыновтың табыс көзі қандай. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"
Мұрат Құсайынов өз сұхбатында "Дос-Мұқасанның" 50 жылдығына арналған былтырғы концерт жайлы, Кеңес кезеңінде тойға шығуға тыйым салынғаны туралы, өзін жас сезінетіні жайлы айтты. Сонымен қатар, әнші шығармашылығына байланысты балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөле алмағанын айтады. Бірақ қазір соның есесін немерелеріне қайтарып жатыр екен. Әнші Ақсақалдар кеңесі ашылса, халық пен билік арасын байланыстыру үшін оның бір мүшесі болатынын айтты. Сондай-ақ, Мұрат Құсайынов қазір өзінің табыс көзін атады. "Кеңес одағы кезінде де мен жақсы табыс таптым. Авторлық гонорарларым бар. Концерттерден, корпоротивтерден пайда түседі. Әрине, ақсүйек емеспін, өз-өзіме жетеді. Алақанымды жайып, ешкімнен ақша сұрап жүрген жайым жоқ", - дейді композитор. По вопросам рекламы: tengrinewstv@gmail.com Присылайте ваши интересные видео на наш WhatsApp +7 777 001 44 99 и на ttv@tn.kz Следите за новостями Tengrinews - http://tengrinews.kz
Facebook - / tengrinews.kz Twitter - / tengrinewskz Instagram - / tengrinewskz Vkontakte - http://vk.com/tengrinews