G
enby!

Жұма уағыз/Пара беру мен жемқорлықтың зардабы/Қонақбаев Ғалымжан/ABU BAKIR SYDDYQ мешіті/Жаңатас

Адам баласына берілген ең үлкен нығметтің бірі – адал ризық. Бұл – Алла Тағаланың шексіз мейірімінің белгісі. Табыстың көзі күмәнді істерден аулақ болып, адал болса, Алла оның берекесін арттырып, пайдасын еселейді. Табыстың көптігі берекенің кепілі емес. Көп табыс адамға шынайы тыныштық пен қуаныш алып келмеуі мүмкін. Ал адал еңбек пен таза ниет болса, тіпті аз ғана қаражат та жанға жайлы, өмірге мән береді. Күдікпен келген мал-мүлік жүректі ауыртып, уайымға салуы мүмкін. Береке – Алланың ерекше сыйы, көзге көрінбейтін, бірақ жүрекпен сезілетін нығмет. Ол ақшамен сатып алынбайды, тек адал табысқа ғана қонады. Алла Тағала қасиетті Құранда: وَلَوْ أَنَّ أَهْلَ الْقُرَى آمَنُوا وَاتَّقَوْا لَفَتَحْنَا عَلَيْهِم بَرَكَاتٍ مِّنَ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ... «Егер әлгі елді мекендердің халқы иман келтіргенде һәм Аллаға қарсы келуден сақтанып, Оны паналағанда, әлбетте Біз олар үшін көк пен жердің берекет қақпаларын айқара ашып, оларды жарылқайтын едік...», – деген («Ағраф» сүресі, 96-аят). Бұл аят – берекенің заңдылығы іспеттес. Яғни, жеке адамның, не бүтін халықтың берекеге жетуінің негізгі шарты – иман мен тақуалық. Егер жүректерде шынайы сенім болып, күнәдан, арамнан сақтансақ – Алла Тағала көктен жаңбырын жаудырып, жерге ризығын шашып, әл-ауқатты арттырады. Асыл дініміз ислам – адамға тек молшылық емес, берекелі тіршілік тілейді. Берекені беретін – Алла. Береке – адалдықтың серігі, ал адал еңбек – ризықтың кілті. Қоғамда әділдік пен тақуалық үстем болса, Алланың да берер берекесі үзілмейді. Ал зұлымдық пен арамдық жайласа, берекенің бетін көре алмаймыз. Себебі береке – санына емес, сапасына қарай түседі. Береке – жүректе, ниетте, амалдың шынайылығында.

Смотрите также