Үлгілі ауыл жобасы: Лепсі ауылы
«Ауыл» партиясы мен Хабар агенттігі бірлесіп, ауыл өмірін, еңбек адамын, ауылдық жерлердің жетістіктері мен тыныс-тіршілігін насихаттауға арналған жаңа жобаны іске қосты. «Үлгілі ауыл» жобасының алғашқы шығарылымы Жетісу облысы, Лепсі ауылына арналды. Бұл ауыл – бірлігі мен еңбегі жарасқан, дамуға бағыт алған өңірдің жарқын үлгісі.