АЛЛА ЖАЙЛЫ ЖАҚСЫ ОЙ ҒИБАДАТ ҚҰЛШЫЛЫҚ • Елдос Жұмаділдә | Жасұлан Әбдрахман
«ZHUMA PODCAST» жобасының кезекті шығарылымында ұстаз Елдос Жұмаділдә Аллаға деген сенім мен тәуекел тақырыбында ой қозғайды. Жаңа студияда жазылған бұл подкастта истихара намазының сырлары, оның оқылу тәртібі мен өмірлік жағдайлардағы маңызы талқыланады. Сонымен қатар, подкастта сынақтардың не үшін берілетіні, Алланың мейірімі мен махаббаты, дұғаның күші, шүкіршіліктің маңызы сынды маңызды тақырыптар сөз болады. Тыңдарманды несиесіз өмір сүрудің мүмкіндіктері, отбасылық жауапкершілік, орамал тағу және дінді дұрыс ұстану жолдары туралы ойландыратын бұл шығарылымда әрбір шаңырақта болуы тиіс кітап жайлы да айтылады. Аллаға қалай дұрыс тәуекел ету керек? Қиындық келгенде үміт пен үрейді қалай тең ұстауға болады? Нығметті қалай сақтап қаламыз? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алғыңыз келсе, жаңа подкастты соңына дейін тамашалаңыз! 0:00 Анонс 2:33 Жаңа студияда 5:52 Истихара белгі бермейді 8:36 Жақсы ырым 10:50 Қай кезде истихара оқылмайды? 12:45 Жігітке белгі берген истихара 14:36 Нар тәуекел 15:41 Сынақ не үшін келеді? 17:11 Фирдаус жәннатын сұрау 18:57 Алла ісіңді өз мойнына алғысы келеді! 22:59 Кредитсіз бәрі де мүмкін! 27:55 Алла Тағала бір есікті жапса, мың есікті ашады 32:48 Сенімің қандай, Құдай да сондай… 34:44 Алладан жақсылықты күту — ғибадат 35:50 Алланың махаббаты 37:57 Дұға тілейді, бірақ сенбейді… 39:40 Нығметті шүкіршілікпен байла! 40:05 Өмірге шағымы көп жігіттің оқиғасы 43:21 Құдай берген нығметті жария ете берген дұрыс па? 44:43 Нығметті тек Раббыңа айт! 47:29 Мұсылман кемелденуі керек па? 50:11 Орамал таққан нәзік жандылардың жағдайы 53:01 Алла сенің иманыңа мұқтаж емес! 53:57 Орамал шешсеңіз… 54:38 Қалай ескерту керек? 57:19 Дінді қалай ұстану керек? 59:24 Үміт пен үрей 1:02:55 Әрбір шаңырақта болуы тиіс кітап 1:04:27 Құран әліппесі 1:07:29 Ер адамға жауапкершілік қажет 1:08:34 Есеппен үйлену керек 1:10:05 Тайпадан шыққан жігіттің тәжірибесі 1:11:44 Ешкімнен ештеңе күтпе! 1:12:10 Пайғамбар үйіндегі отбасылық өмір 1:15:58 Проблемаңды ешкімге айтпа! 1:16:46 Адам проблемасын не үшін айтады? 1:20:58 «Мен ішкі мұңымды Аллаға айтамын!» 1:22:58 Имамдарға Алла разы болсын! 1:24:24 Қорытынды Біздің парақшалар: / zhumaelods ұстаз Елдос Жұмаділдә / jasulan_aburahman Жасұлан Әбдрахман
Смотрите также
