20. Практикум. Элементтердің орнын ауыстыру [АРМАН-ПВ]
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. Кезекті видеода "АРМАН-ПВ" баспасының "элементтердің орнын ауыстыру" тақырыбында практикалық есептерді шығаратын боламыз. 1-тапсырма. Х массивіндегі жұп индексті элемент пен тақ индексті элементтің орындары ауысатындай етіп, оларды керісінше орналастырып, кейін у массивіне әкеліп қойыңдар. 2-тапсырма. Берілген массивтегі ең үлкен және ең кіші (MAX және MIN) мәндерді ауыстырыңдар. 3-тапсырма. n элементтері бар сандық мәндердің бірөлшемді массиві берілген. Массив элементтерін айналдыра оңға қарай жылжыту керек.