8 сынып continue циклін басқару [АрманПВ]
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. Кезекті видео сабақта #информатика8сынып #арманпв баспасының #питон программалау тіліне арналған #continue теориялық есебін қарастыратын боламыз. Есепті шешідің "САН АЛУАН" түрлері бар. Видеода өз ойыммен бөлісемін. Python-да continue операторы циклдің орындалу ретін өзгертуге мүмкіндік береді. continue операторы цикл ішінде ағымдағы итерация үшін код бөлігін орындамай, келесі қадамға көшеді. Цикл аяқталмайды, бірақ келесі итерацияда жалғасады. Мысал. Экранға 0-ден 100-ге дейінгі аралықтағы жұп сандарды шығаратын программа жазайық.