Сұлтан Байбарс ұрпағы Бадер Байбарс мырзамен кездесу
Құрметті отандастар, жақында (қаңтар айында) біз «Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедициясымен Сирия елінде болып, бабамыз Сұлтан Байбарс ұрпағы Бадер Байбарс мырзамен кездесу өткіздік. Өткен жылы мен оның әкесін Нураддин Байбарсты құрметті қонақ ретінде Астанаға шақырған болатынмын. Осылайша туыстарымызды тауып жатырмыз. Біздің егемендік алғанымыздың арқасында көп елге баруға мүмкіндік алдық, ғылыми экспедициямен 3 жылда 46 елде болдық, әлі де 2021 жылға дейін 20-30 елде боламыз. Сол елдердің тарихы мен мәдениетінде біздің бабаларымыздың қалдырған іздерін тауып, олардың ұрпақтарымен кездесетін боламыз. 800 жыл өтсе де, Сұлтан Байбарс пен Сұлтан Қалауын бабаларымыздың ұрпақтарымен қауышып жатырмыз. Тарихымызды білуге тырысайық!