Бұл жерді ҚҰБЫЖЫҚТАР басқарады,ал адамдар тығылып жүреді | Потерянные земли 2025 фильм | Кино шолу
Потерянные земли киносына қысқаша шолу жасаймыз.! Бойс деген басты кейіпкеріміз оқиғаны айта бастайды.Сенесіңдер ме сенбейсіңдер ме? Бірақ мына шолуды аяғына дейін тыңдаңыздар дейді.Бізге жердің бытшыт болғанын айта бастайды.Бұрынғыдағыдай адамдар керемет өмір сүрмейді.Қазір бұл жерді құбыжықтар басқарады.Ал тірі қалған шағын адамдар бір қалада тығылып жүр екен.Басқа жақта Серая Элис деген екінші басты кейіпкерді көрсетеді.Шіркеу қызметкерлері оны дарға асып өлтірмекші.Себебі,ол сиқырмен айналысады дейді.Шіркеу қызметкерлерінің де өз мақсаттары бар еді.Әлгі адамдар Серая Элисті дарға асып,өздері кетіп қалады.Бір кісі ғана қалып,қадағалап тұр.Бір кезде Серая Элис оның көзіне қарап,әлгісін қиялмен алдайды.Сондай бір ерекшелігі бар екен. Нәтижесінде Серая Элис қашып кетеді.Әлгі қызметкер басшы әйел келіп,жаңағы өзінің адамын өлтіріп тастайды.Сосын олар бәрі Серая Элисті іздейді.Бірақ Серая Элис кезек кезегімен бүкіл қызметкерлердің көзін құртады.Ең соңында шіркеудің әйелін пышаққа тіреп ұстап алады да,оны өзінің орнына дарға мойнын байлап,астына зат қойып кетіп қалады.Әйелді тірі қалдырады.Артынан Бойсты көреміз.Ол бір үңгірдің ішіне кіріп,тығылып тұрғандапр бері шығыңдар дейді.Кенет бірнеше адамдар оған шабуыл жасамақшы болады.Бір жігіт Бойстың мылтығын алмақ еді,бірақ одан жылан пайда болып,бұл жігітке атылады.Бойс өз кезегінде,бүкіл жігіттердің көзін құртады да,әлгі жылан шағылған жігітке келеді.Бұл мылтық жұмыс істемейтін еді,алайда жыланның уы жақсы істейді деп жымияды.Серая Элис өзінің үйіне келеді.Бір кемпір сол үйдің қасында ылғи да отырады екен. Ал адамдар болса Серая Элиске келіп,тілектерін айтады.Соның ішінде бұл жердің ханшайымы Меланже келеді.Оның арманы қызық екен.Мен жыртқыш қасқырға айналғым келеді дейді.Серая Элис болса,мен тілектерді қайтармаймын дейді.Ол үшін ақша алады.Ханшайым кеткен соң,оның оң қолы жақындап,менің де арманым бар.Бұл ханшайымның тілегін орындамашы.Егер ол осы арманына жетсе,бәрі бытшыт болады дейді.Серая Элис болса мен тілектеріңді қайтара алмаймын деп қояды.Осы үшін де ақша алады.Содан кейін Серая Элис көзін жұмып дәл қазір қасқырдың қайда екенін елестете бастайды.Айдың толуына біраз күндер қалыпты.Үлкен сарайда ханшайымды көрсетеді.Оның күйеуі деген қартайған шал екен.Өз өзіне қарай алмай төсек былғап қояды.Оған ханшайым ашуланып,қызметшілерді шақырады.Содан кейін ханшайым Бойспен кездеседі.Екеуі кездесіп жүр екен. Осы түні қалшы деп қояды.Сонда Бойс,жоооқ,мен қала алмаймын деп кетіп қалады.Алдынан бір екі күзеттегі адамдар пайда болып,бізбен бірге жүр деп қояды.Бойс оларды жан жаққа лақтырады.Содан кейін Бойс кафеде отыр еді,қасына Серая Элис келеді.Мен сен жайлы естіп едім.Маған сен сияқты адам керек.Жоғалған мекенге барғым келеді дейді.Бас кезінде Бойс келіспейді.Қарт ойнайық дейді.Екеуі қарт ойнап,Серая Элис өзінің сиқырын пайдаланып,Бойсты жеңіп тастайды.Ал енді сөйлесеміз бе дейді.Бойс болса,бұл қымбат болады деп қояды.Серая Элис болса,қанша сұрасаң да төлеймін деп жауап береді.Алайда Бойс ескертеді.Бұл жақ басқаша.Қанша жерден мықты болсаң да,ол жақта адамның заңы жүрмейді дейді.Сөйтіп сөйлесіп отыр еді,бір кезде әлгі шіркеу әйел өзінің адамдарымен келіп атыс жасайды.Бұлар әлгілермен төбелеседі.Бойс өзінің жыланын тағы да лақтырады.Осы жолы ол жыланды шіркеу әйелі өлтіріп тастайды.Бойс пен Серая Элис екеуі қашып кетеді.Мына әйел менің жыландарымды өлтірді ғой деп ашуланады. Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз! #КиноШолу #ОбзорФильмов