ЖАТЫРДЫҢ төмен түсуі.ӘЙЕЛДЕРДЕ көп кездесетін АУРУ.Емделу жолдары ҚАНДАЙ?доктор АРДАҚ АЯЗБЕКОВ🩺
Жатырдың төмен түсуі- жатыр денесі мен жатыр мойнының қалыпты анатомиялық орнынан төмендеуі. Ол жамбас қуысы мен жатырдың бұлшық еттерімен байламдарының әлсіздігінен болады. 💃Жатырдың төмен түсуі босанудан кейін және менопауза кезінде болады. 🏥Жатырдың төмен түсуінің себептері; босану жарақатының салдарынан жамбас қуысының бұлшық еттерінің әлсіреуі -жыныс мүшелеріне жасалған оталар -аралықтың босану кезіндегі терең жыртылуы -эстроген гормонының жетіспеуінен( менопауза кезінде) ауыр салмақты бала туу -көп босану -семіздік -созылмалы тыныс аурулары 🏥Клиникалық белгілері; -іштің төмен тартып ауырсынуы -қынапта артық заттың сезілуі -жыныстық қатынаста ауырсыну -жыныс мүшесінен қанды бөлінділер -етеккірдің қатты ауырсынып келуі -зәрдің ұстай алмауы -жыныс мүшесініңі варикозы пайда болуы 🏥Жатырдың төмен түсуінің 3 дәрежесі бар 1 дәреже- Жатыр мойнының жыныс мүшесінен қынаптан шықпай ішінде тұрады бірақ қалыпты орнынан төмен тұрады 2 дәреже- жатыр мойны қынаптан жартылай шығып тұрады. Жүргенде сыртқа шығып,дем алғасын, жатқасын жатыр қайта ішке орнына кіреді. 3 дәреже - жатырдың толық төмен түсуі жатыр сыртқа шығып тұрады және өздігінен қайта ішіне кірмейді. 🏥Жатыр мойнының төмен түсуін гинекологтың қарапайм тексерісінен яғни креслода қарау арқылы анықталады. 🏥Еміне келсек 1-2 дәрежесінде пессарий кольцо салуға болады, интимдік гимнастика вумбилдинг яғни тренажермен жаттығу жатырды орнына келтіреді. Ал 3 дәрежеде емі тек ота жасатуға тура келеді. Сондықтан бастамасында емдетіп интимдік гимнастика жасап аурудың алдын алыңыздар #маткаопущение #жатырдыңтөментүсуі #докторАрдақАязбеков