G
enby!

 ХАЛЫҚТЫ ҚАН ЖЫЛАТҚАН КӘСІПКЕР, ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІН ПЫСҚЫРМАЙТЫН ӘКІМ

Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқарата ауылдық округінде халықтың ашу-ызасын тудырған жайылым жер мәселесі ушығып тұр. Бүгінде ауыл халқы малын бағатын жер таппай, күнкөрістен айырылып, ашынған күйде билікке үнін жеткізуде. Ауыл халқының жалғыз талабы – Президенттің қаулысына сәйкес игерілмеген жер халыққа қайтарылсын! Мәселенің жай-жапсарын анықтау үшін «Dabylinfo.kz» ақпараттық агенттігі мен «Саясат-ақпарат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің журналистері Қошқарата ауылдық округіне барып, мәселенің мән-жайын анықтап қайтты. Халықтың ашу-ызасы орынды екенін, малдың аштан қырылып жатқанын, ауылдың жайылымсыз қалғанын көзбенкөріп, жергілікті тұрғындардың шағымын тыңдадық. 2019 жылы Қошқарата ауылының ортақ жайылым жері жеке кәсіпкер Серік Тұрсынбаевтың қолына өтіп кеткен. Қағаз жүзінде бәрі әдемі етіп былайша көрсетілген: «жерді суармалы етемін, егістік егемін, халықты жұмыспен қамтимын, су шығарып беремін» деген секілді кәсіпкер патшадай уәде берген. Алайда арада 6 жыл өтсе де, ештеңе орындалмады. Не егістік егілмеді, не су шықпады, не жұмыс орны ашылмады. Халыққа берілген уәделердің бәрі бос сөз болып шықты. Оның үстіне, кәсіпкер ағынды судың жанындағы, малға ең қолайлы жайылым жерлердің барлығын қоршап тастаған. Ауыл халқы бірнеше рет аудан әкіміне барып, мәселесін көтерген екен. Бірақ аудан әкімі жылдар бойы «қарастырамыз» деген құр уәдемен ғана алдап келеді. Арада қанша жыл өтсе де, нәтиже жоқ. Әкім халықтың жанайқайын елемей, халық үшін жұмыс істемей отыр. Әлеуметтік желілерде көтерілген осы мәселе бойынша аудан әкімдігі мынадай ресми жауап берді: «Сері-Еркін» ЖШС-не 2007 жылы заңды түрде 1092,6 гектар жер жалға берілген. Оның ішінде егістік және жайылым жерлер бар. 2019 жылы 300 гектар жайылым егістікке ауыстырылған. Жерді қоршау кезінде заңбұзушылық анықталып, айыппұл салынған. Қазіргі таңда серіктестікте 120 бас ірі қара, 83 бас жылқы және 176 бас түйе бар. Серіктестік тұрғындардың малын да жайылымға шығаруға келісім берген, бірақ мал егістікке түспеуі және арнайы малшы қойылуы тиіс. Сонымен қатар округ аумағында «Шалькенс» ЖШС-не 250 гектар жер беріліп, онда балық өсіру кешені жұмыс істейді. Соңғы жылдары мұнда көксерке мен сазан өсіріліп келеді. Барлық жұмыстар заң аясында жүргізіліп, аудан әкімдігі жер және жайылым мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды». Алайда бұл жауап жалған. Өйткені: • Серіктестіктің егін егіп отырған егістігі жоқ, халыққа ешқандай пайдасы тимеген; • «Малға жайылым берілді» деген – жалған, халық малын жаймақ түгілі, қоршалған жерге өздері кіре алмайды; • «Балық шаруашылығы» бар делінгенімен, ол жерде тоған да, балық та жоқ; • Әкімдік «бәрі заң аясында» деп көрсеткенімен, шын мәнінде қарапайым халық жерсіз, малсыз қалып отыр. Әкім қалайша қызармай, ұялмай өтірік ақпарат беріп отыр? Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына 100 пайыз қарсылық емес  пе? Келес ауданының әкімі Ағыбаев Жәнібек Есенұлы бұл мәселені шешу үшін ешқандай нақты шара жасамаған. Сол себепті халық енді Түркістаноблысының әкімі Нұралхан Көшеровтен осы мәселені шешіп беруді сұрап отыр. Сондықтан біз, Қошқарата ауылдық округініңхалқы атынан, осы мәселені жан-жақты тексеріп, жерді иемдену мен жалға берудің заңдылығынанықтап, Президенттің қаулысына сәйкесигерілмеген жерді халыққа қайтаруға ықпалетуіңізді сұраймыз. Халықтың жанайқайын ескеріп, әділ шешім шығару – биліктің тікелей міндеті. ДАБЫЛ❗️ ДАБЫЛ❗️ ДАБЫЛ❗️

Смотрите также