ДАРИҒА БАДЫҚОВА МЕН КҮЙЕУІНІҢ АЙТЫСЫ КЕЗЕКТІ ШОУ МА? БЕСТЕРЕКТЕГІ БАЛАНЫҢ БІРІ ҚАЙТЫС БОЛДЫ.
Бүгінгі шығарылымда: Бір аптадан бері актриса Дариға Бадықова мен оның экс күйеуінің желідеге айтысы қатты талқыланып жатыр. Отбасындағы ажырасу бұлай ушығатындай не болды? Бадықованың заңгері экс күйеуін елге құпиясын жайып тастағаны үшін сотқа шағымданыпты. Әскердегі шенділердің жиындары боқауыз сөзбен басталып, боқтап аяқталады. Қызылорда облысындағы жиналыста екі әскеридің сөзге келіспей қалғаны желіде тарады. Шенді полковниктер осылай әдепсіздік танытса, қатардағы сарбаздар қандай болмақ? Абай облысында аулада ойнап жүрген бес баланы машина қағып кеткені естеріңізде шығар. Екі бала тіл тартпай кеткен еді. Енді Бестерек ауылынан тағы бір суыт хабар жетті. Сондағы зардап шеккен тағы бір қыз бала бүгін дүние салыпты. Бүгін Үкімет үйінде бұрын соңды болмаған бір жайт тіркелді. Жаңа министр Жұлдыз Сүлейменова ант қабылдағай жатқанда Бектеновтың жұмыс телефонына қоңырау түсіп, орынан тұрып кетті. Премьерге хабарласқан кім? Ақпарда осындай ақпараттарға тоқталамын. Мен Уатхан Біләл. Амансыздарма?