КТК: Қазақстан жаңалықтары 07.10.2025
Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar) МЕКТЕПТЕГІ ДҮРБЕЛЕҢ Мектептерге қарулы шабуыл жасаймыз деп қорқытқан. Таразда білім ошақтарын дүрліктірген күдіктілер іздестіріліп жатыр. АЛАЯҚ ЕМШІ Алаяқ емші абақтыға аттанады. «Дем саламын» деп жұртты сан соқтырған ақтөбелік бақсы 6 жыл 8 айға сотталды. ТОҢЫП ОТЫР Жылу жүйесін жөндеу қоңыр күзде естеріне түскен. Ерте қамданбаған жауаптылардың кесірінен Аягөз тұрғындары бүрсең қағып отыр. АҚША АУДАРУ ҮШІН... Банкоматпен ақша жіберу қиындайды. Қомақты қаражатты аудару үшін қандай талаптар енгізілмек? #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары