G
enby!

4.9-4.10 Практикалық жұмыс

Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 7 сынып информатика Алматы баспасы бойынша #питон сабақтарына шолуды жалғастыратын боламыз. Инстаграм: @roboforce_ WhatsApp: 87027280307 1-тапсырма. Үшбұрыштың a, b, с қабырғалары берілген. Осы үшбұрышты тікбұрышты үшбұрыш деп атауға бола ма? Оның программасын құр. Егер үшбұрыш тікбұрышты болса – 1, немесе нәтиже ретінде экранға 0 саны шықсын. 2-тапсырма. Егер санның соңғы екі цифры 4-ке бөлінсе, онда ол сан 4-ке бөлінеді (4-ке бөлінгіштік қасиет). input.txt мәтіндік файлында Р саны берілген. Осы санның 4-ке бөлінгіштігін анықта. Егер сан 4-ке бөлінсе – 1, әйтпесе нәтиже ретінде оutput.txt файлына экранға 0 цифрын шығар. 3-тапсырма. А мен В сандары берілген. Осы сандардың қайсысы бүтін сан екенін анықта. Егер тек А саны бүтін болса – 1, тек В саны бүтін болса – 2, екеуі де бүтін сан болса – 3, ал екеуі де бөлшек сан болса, онда 0 цифры экранға шықсын. Тапсырманың блок-схемасын құр. 4-тапсырма. Қазақ халқының жыл санауындағы әр жылға жан-жануардың атауы берілген. Бұл атаулар: 1) тышқан; 2) сиыр; 3) барыс; 4) қоян; 5) ұлу; 6) жылан; 7) жылқы; 8) қой; 9) мешiн; 10) тауық; 11) ит; 12) доңыз. Белгіленген нөмір бойынша сол жылдың атауын беретін программа жаз. 5-тапсырма. Қазақстанда автокөлік нөмірлерінің әр өңірге тиесілі сериясы бар. Берілген индекске қарап, сол серияның қай өңірге тиесілі екенін анықтайтын программа жаз. 6-тапсырма. Үш сан берілген. Осы үш санның арасындағы жұп сандарды квадратқа, тақ сандарды кубқа көтеретін программа құр. Программа нәтижесін экранға шығар. 7-тапсырма. Бір-біріне тең емес К және Р нақты сандары берілген. Бұл сандар өзара тең болса, онда оларды нөлге ауыстыр. Осы сандардың кішісін екеуінің қосындысының жартысымен, үлкенін екеуінің көбейтіндісінің екі еселенгенімен ауыстыратын программа құр. 8-тапсырма. Бұрыш градустық өлшеммен берілді. Ол қандай бұрыш? Егер доғал бұрыш болса – 1, сүйір бұрыш болса – 2, ал тікбұрыш болса, 3 санын экранға шығаратын программа құр. Тапсырманың блок-схемасын құрастыр. 9-тапсырма. Екі пікір берілген: A = «Күн суық» және B = «Қар қалың емес». Төмендегі пікірлердің мәнін анықта. Логикалық өрнектің мәні «ақиқат» немесе «жалған» болады.

Смотрите также