Бөкей Орда саяхаты | Atyrau Nomads | 2025
Достар, саяхатшылар! 🌿✨ Қыркүйек айының 13-14 жұлдыздары, біз үшін нағыз ғажайыпқа толы күндер болды десем, артық емес! Atyrau Nomads саяхат клубының 26 саяхатшысы жеті көлікке мінгесіп тууу сонау Бөкей Хан ордасына аттандық. Сенбі таңертең ерте жолға шығып, түстен кейінгі сағат 16-те бізді тарихтың терең тынысы қарсы алды. Жол бойы ауылдар, жануарлар мен керемет табиғат көріністерін тамашалап, қасымызда алғаш көрісіп отырған жандармен таныстық. Экипаж болып жол бойы ән айту, ой бөлісіп танысу — саяхаттың шынайы сиқыры осы ма екен деп қаласың 😊 Музейге жеткенде бізді музей басшылары мен барлық ұжымы тікесінен тік тұрып қарсы алды. Ерекше алғысымызды музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Гүлмару ханымға, онымен қатар біздің лагер, тамақ-су секілді керекті нәрселерімізді ұйымдастырған - Шолпан қарындасымыз бен оның жолдасы Эдуардқа алғысымызды білдіреміз! 🙏 Біз үш сағат бойы музей алаңын аралап, Бөкей мен Жәңгір ханның бастаған игі істерін қалдырған мұрасын тамашаладық. Қазақ тарихының мәңгілік тұлғалары Бөкей, Жәңгір, Махамбет, Исатай біздің көз алдымызда тіріліп, жүрегімізге сыр шертіп өтті. Бұл сезімді ешбір кітап, журнал немесе видео бере алмайды. Кешкілік лагерь — тағы бір ғажайып! Тоғайдың ішіне шатырлар тігіп, палауымызды жеп, отты жағып, шайымызды қайнаттық. Ән айттық, әңгімелестік, түн ұзағына дейін көңілдеріміз шаттыққа бөленді. Нағыз «бабье лето»: ыстық та емес, салқын да емес, жай ғана мінсіз ауа райы. 🔥 Ортамызға сәлден соң - Атыраудан келген 18 жас мұғалімдер тобы да бізге қосылды. Олардың жетекшісі, осы клубымыздың мүшесі Қайырғали деген бауырымыз. Жастардың қосылып ән айтқанына қарап, барлығымыз бір деммен тыңдадық. Алаулаған отқа қарап, терең ойға шомылдық. От жанында 50-ге жуық адам болды-ау сол кезде, бәрі бір-бірімен жылы шыраймен араласып, табиғаттың және ортаның атмосферасын бірге сездік. Түнгі аспан астында палаткада қонып, ертесі күні тандырда піскен ыстық нан мен сары майдан дәм татып, лагерь орнын тазалап жолға шықтық. Жолда Жәңгір хан кесенесіне соғып, мазардағы аруықтарға Құран бағыштадық. Атырауға кері жолымыз да әртүрлі "шытырман оқиғаларға" толы болып, әрі есте қаларлықтай өтті. Кейбір экипаж мүшелері, әсіресе жастар жағы соншалықты достасып кеттіп, сол кеште біреуінің үйінде дастархандас болды 💛 Мына өлең жолдары біздің саяхатымызды дәл сипаттайды: Ничего на свете лучше нету Чем бродить друзьям по белу свету Тем, кто дружен, не страшны тревоги Нам любые дороги дороги Наш ковер — цветочная поляна Наши стены — сосны-великаны Наша крыша — небо голубое Наше счастье — жить такой судьбою Таймкодтар: 00:00 - Тизер 01:53 - Атырауда жиналу 09:51 - Жолға шығу 17:16 - Хан Ордасы 17:53 - Хан Ордасы музей қорығы 43:33 - Қонатын кемпингіміз 48:47 - Кешкі вайб 1:08:27 - Арайланған атқан таң 1:23:16 - Орда орманы 1:25:46 - Тарихи көшелер 1:26:54 - Пантеон 1:30:58 - Қорытынды