Ағза трансплантациясы: донор жоқ, ал үміті сөнгендер көп
Елімізде жыл сайын 3500 адам бүйрек, 200-дей жан бауыр ауыстыру үшін күту парағына жазылады екен. Олардың ішінде 400-ден астам отандасымыз өзіне қажетті ағза доноры табылмағандықтан мезгілсіз көз жұмады. Трансплантолог дәрігерлердің берген бұл ақпараты аталған салада үлкен өзгерістердің қажет екенін анық аңғартады. Ұлттық ғылыми онкология орталығы мамандарының пікірінше, проблеманы шешу үшін мәйіттік трансплантацияға рұқсат беру керек. Ал ол үшін заңға өзгерістер енгізілуі тиіс. Еліміздегі ағза донорлығы, шет елдердегі жағдай, біздегі дәрігерлердің біліктілігі мен осы мәселеге қоғамның көзқарасы - «Мінбердің» кезекті шығарылымында. 01:28 Трансплантология бөлімшесі немен айналысады? Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтағы жасалатын операция түрлері қандай? 05:08 Бауырды ауыстырған қиын ба , әлде бүйректі ме? 16:56 Шетелдіктер жасайтын операциялар біздің елімізде жасала ма? 19:07 Шетелдік жеке клиникалардың жарнамасы біздің елдегі жағдайға әсер ете ме? 22:20 Трансплантологияда, жалпы денсаулық сақтау саласындағы мамандық тапшылығының себебі неде? 26:20 Туыстық транслантация қалай жасалады? 29:42 Дәрігер ретінде адам өмірін ұзартуға немесе сақтап қалуға атсалысқаныңызды түсінгеніңізде іштегі сезім қалай болады? _______________________________________ BAQ.kz Басты ақпарат құралы Ресми сайттың сілтемесі: https://baq.kz/
Біздің әлеуметтік желілерге жазыл: Instagram: / baq.kaz Facebook: / baq.kz Telegram: https://web.telegram.org/#/im?p=@baq_kz
Tiktok: / baq.kz_ #baqkz #мінбер #сұхбат #донор #Трансплантация