G
enby!

Қой етінен осы тағамды тек менің Енем-мамам ғана дəмді жасайтын. Ең дәмді,оңай рецептінің құпиясы.

#қазақшарецепттер #казакшарецепт #әсіп Сәлеметсіздер ме, Қымбатты Оқырмандар ! МЕНІҢ КАНАЛЫМ ЖАҢА КАНАЛ, ҚОЛДАП ҚОЙЫҢЫЗДАРШЫ! Қазақ тілді каналды қолдап, менің рецептерімді жіберіп алмас үшін , каналға ПОДПИСАТЬСЯ батырмасын басып тіркеліп , қоңыраушаны басып, комментарий қалдырып , видеоға ЛАЙК бассаңыз ,менің каналымның дамуына қолдау білдіргендеріңіз! Қолдауларыңызға көп-көп рахмет, мың алғыс!❤️ Қазақ халқының ұлттық тағамында-ұлттың,ата-бабамыздың құндылығы,даналығы жатыр ,əр тағамында адам ағзасына беретін пайдасы зор екенін даналықпен ұрпақтан- ұрпаққа аманат етіп қалдырылған. Бүгін ,жаны жәннәттық болғыр марқұм енемнен үйренген ұлттық тағамның құпиясымен бөлістім. Бұл ұлттық тағамды жаңа сойылған қой, сиыр,жылқы : барлық мал етінен жасайды. Тек жылқы мал етінен шұжық жасағанда бүйрек қоспаған абзал. Видеода жаңа сойылған қой етінен жасалынған тағам. Соңғы кезде осы ұлттық тағам, қой етінен жасалмай кетті. Ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдардың бірі. Бүйрек,бауыр,ет,құйрық май бүйректің көлеміндей деп түсінікті болсын деп айтып отырмын,яғни бәрі бірдей мөлшерде алынса шұжық дәмді болады. Бұл тағамның құпиясы-видеода. Құрамы: Бүйрек-1 Жүрек-жарты Ет құйрық май пияз-1 бас.( орташа көлемдегі пияз) аскөк-укроп сарымсақ (чеснок)-2 бас лавр жапырағы-1 дана тұз қара бұрыш бүйен Шұжықты қазанға салар алдында ,шұжық жарылып кетпес үшін тек 3-4 жерден инемен теседі . Менің шұжығым шағын болғандықтан 3-4 жерден инемен тестім.Егерде шұжығыңыздың көлемі үлкен болса 5-6 жерден тесуге болады. Көп тесуге болмайды, жарылып кетеді. Шұжықты салқын суға салып пісіреді ,сондықтан мен бөлек қазанға салып ,салқын суға салып бір қайнағаннан кейін , қазанда бөлек қайнап жатқан асымның үстіне салып пісірдім. Шұжықты жасап жатқан кезде асым қайнай берсін деп осылай пісірдім осы жолы. Асықпасаңыз асатын етіңізбен бірге салып асуға əбден керемет болады.Шұжықты жілік , жамбас ,жауырын болсын ,омыртқа, қабырға мен бірге салып асса, сорпа дәмді болады.Орташа отта қайнағаннан кейін , жәй отта етіңізбен бірге піседі. Өте пайдалы, нəрлі тағам . Шұжықты жаңа сойылған малдың етінен жасаудың маңызы-тағамның аса ерекшелігі: еті балғын (свежий) жұмсақ, кескенде суреттегідей ішінде дəмді, шырынды (сочный) сорпасы болады. Қымбатты көрермен ,видео ұнаса жүрекшені -(лайк ) басып қойыңыздаршы, пікір жазыңыздаршы,жақындарыңыз бен достарыңызға жіберсеңіздер деген кішкене өтінішім бар. #әсіп #қазақшарецепттер #казакшарецепт#кешкіас #бұжы #шұжық #әсіп #ұлттықтағам #ішек #шек

Смотрите также