G
enby!

Жұма уағыз/Зікір және зікірдің пайдасы/Ноғайбай Керімқұл/ABU BAKIR SYDDYQ мешіті/ |Жаңатас қаласы

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! Зікір сөзі шариғи мәтіндерде «Құран», «намаз», «білім» «Алла Тағаланы еске алу» деген сынды түрлі мағыналарда келген. Дегенмен, зікір сөзінің негізгі қолданылу аясы «Алланы еске алу» деген мағынаны білдіреді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Музаммил» сүресі, 8-аятында: وَاذْكُرِ اسْمَ رَبِّكَ وَتَبَتَّلْ إِلَيْهِ تَبْتِيلا «Раббыңның атын (үнемі) жадыңда ұстап, (күндіз-түні) аузыңнан тастамай зікір ет әрі Оған жан-тәніңмен бет бұр», – деп айтқан. Ибн Ато әс-Сәкандари (Алла оны рақымына алсын): «Зікір дегеніміз – Хақ Тағаланы үнемі жүректе сақтау арқылы қаперсіздіктен арылу, Алланың есімін, сипаттарын, үкімдерін, істерін және Оған жақындататын нәрсені тілмен де, жүрекпен де үнемі қайталау», – деп анықтама берген. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: أَلَا أُنَبِّئُكم بِخَيْرِ أَعْمَالِكُم، وأَزْكاها عِندَ مَلِيكِكُم، وأَرفَعِها في دَرَجاتِكُم، وخَيرٌ لَكُم مِن إِنْفَاقِ الذَّهَبِ والوَرِقِ، وخَيرٌ لَكُم مِن أن تَلْقَوا عَدُوَّكَم، فتَضْرِبُوا أْعْنَاقَهُم، ويَضْرِبُوا أَعْنَاقَكُم؟! قَالُوا: بَلَى، قال: ذِكْرُ اللهِ «Сендерге Алла алдындағы ең таза, ең қайырлы, дәрежелеріңді көтеретін, алтын мен күмістен садақа беруден де, тіпті жауларыңмен шайқасып, оларды өлтіруден немесе сол жолда жан тапсырудан да жақсы амал жайлы айтып берейін бе?» – дейді. Сонда сахабалары: «Уа, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)! Айтып беріңіз!» – деп жауап береді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ол – Алланы еске алу (зікір ету)», – дейді (имам Термизи). Жалпы «Зікір» сөзі қазақ халқына тансық сөз емес. Мәшһүр Жүсіп бабамыз: Қайырды олай болса, көп беріп қал, Демейді өлім келсе: жас, кәрі шал. Пайғамбар хадисінде айтқан екен, Жігіттер мына сөзге құлағың сал: Ұжмақдық – шырын сөзді, жылы жүзді, Тілінде Хақ зікірі сөйлер сөзді, – деп, насихат қалдырған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ахзаб» сүресі, 41-аятында: يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا اللَّهَ ذِكْرًا كَثِيرًا «Уа, иман келтіргендер! Алланы өте көп еске алыңдар!» – деп айтқан. Зікір – Алланың разылығына бөленуге, жүректің тыныштық тауып, тазаруына, күнәлардың кешірілуіне себепші болатын амал. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Алланы еске алуды мақсат етіп, тек Оның ризалығын ғана қалап жиналған қауымға көктен: «Күнәларың кешірілген күйде орындарыңнан тұрыңдар, сендердің жамандықтарыңның барлығы да жақсылықтарға алмастырылды» деп айтылады», – деген (имам Ахмад). Имам Нәуәуи (Алла оны рақымына алсын): «Алланы еске алу тілмен де, жүрекпен де орындалады. Ең абзалы – тіл мен жүректі қатар қолдану. Егер біреуімен ғана шектелу керек болса, жүрекпен еске алғаны абзал. Мақтаншақтықтан сақтану мақсатында тек жүрекпен еске алып, тілмен еске алуды назардан тыс қалдыруға да болмайды. Алланы еске алғанда тек Оның ризалығын ғана ниет ету керек», – дейді. #бақара #жұма #құран #аллаһ #rek #бакара #алла #film #allah #eidmubarak

Смотрите также