Алакөлдің демалушылары демалыс орталығының директорына наразы
Алакөлдің демалушылары «Рассвет» деп аталатын отбасылық демалыс орталығының директоры Аида Күнгожиноваға наразылық білдіріп жатыр. Айтуларынша, халықтың демалуына кедергі келтірген қожайын, жағажайдың аумағын қоршап тастаған. Жастарды қойып енді еңкейген қарияларға дейін дөңкейген дөңмен, бетондардан асып барып жағажайға түседі екен. Алайда, жағажай да, су астында қалған жер де менікі деп қарсылық білдірген орталықтың директоры демалушылардың сөзіне құлақ асар емес.