G
enby!

Қазақ мұнайын Еуропаға жеткізетін «Достық» құбырына тағы шабуыл жасалды

Ресейден Венгрия мен Словакияға мұнай тасымалдайтын «Достық» құбырына тағы шабуыл жасалды. Ресей Қорғаныс министрлігі Брянск облысы аумағында 19 дронның атып түсірілгенін хабарлады. Осыған байланысты Венгрияға шикізат экспорттау уақытша тоқтады. Ал Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто бұны мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігіне жасалған «тағы бір шабуыл» деп сипаттады. Словакия экономика министрі Дениса Сакова болса фейсбуктағы парақшасында залал көлемін есептеуге кірісіп кеткендерін айтты. Халықаралық құбыр бір айда осымен үшінші рет шабуылға ұшырап отыр. Ол арқылы Ресейдің ғана емес, Қазақстанның да шикі мұнайы Еуропаға жеткізіледі. Энергетика министрлігі қазір қазақстандық мұнайдың «Дружба» магистральды құбыры арқылы ешқандай шектеусіз тасымалданып жатқанын мәлімдеді. Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram -   / atameken.business   Instagram -   / inbusinesskz   Facebook -   / atamekentv.kz   Facebook -   / inbusiness.kz   Tik-Tok -   / atamekenbusiness   «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #новостиказахстана #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости

Смотрите также