Рүстем Жаныаманов неге өнерден кеткісі келеді? | #подкаст
Байсеміз LIVE-тың алғашқы қонақтары жұлдызды жұп - белгілі актер Рүстем Жаныаманов және М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы Жанаргүл Жаныаманова. «Сен маған керексің» киносын түсіруге Рүстем мен Жанаргүлдің басына түскен ауыр жағдайдың өзек болғаны айтылды. Рүстем мен Жанаргүл жазылмайтын ауруға шалдыққан ұлдарының айықпас дерттен қалай арылғанын айтып берді. Сұхбатта өмірдің мәні, тәубеге келу, рухани даму, өзіңді тану, Құдайға жақындау, тазалық, шынайылық, махаббат, ерлі-зайыптылардың арасындағы әдемі қарым-қатынас, әйелді құрметтеу, құндылықтар өзгерісі, мықты мамандардың елде бағаланбай, шетелге кетіп жатқандары, материалдық құндылықтар, отбасылық құндылықтар, отандық кино өндірісіндегі проблемалар, түрлі дертке шалдыққан балалардың жағдайы, өнер адамдарының басындағы қиындықтар тағы да басқа өзекті мәселелер қозғалды. Сондай-ақ осы сұхбатта Рүстем Жаныаманов түбінде өнерден кететінін айтты... Рүстем мен Жанаргүлдің мәнді-мағыналы әңгімесі сіздің жүрегіңізге жетеді деп ойлаймын. Соңына дейін көріңіздер. Ойларыңызды жазыңыздар. Өз тілектеріңізді жазыңыздар. Рүстем мен Жанаргүл біреуін таңдап, сол адамның тілегін орындайды. Тайм-код: 00:00 Тизер 01:55 Подкаст қонақтары 06:00 Орысша қоспай сөйле 07:57 Сен маған керексің 12:45 Балам “прививка” кесірінен ауру болды 19:45 “Балаң жазылмайды, ұзақ өмір сүрмейді”, деп айтты 27:50 Веды ілімі мен Ислам дінін бірге ұстанса бола ма? 30:52 Коуч, курс сатқыштарға көзқарасыңыз қалай? 35:05 Сіз де маған керексіз 36:54 Кино түсіруге қанша ақша кетті? 40:10 Кинода неге байлар орысша, кедейлер ғана қазақша сөйлейді? 46:45 Орысша сөйлей алмаймын, бірақ Қылышбек орысша жақсы сөйлейді 49:18 Қандай кітап оқисыз? 55:08 Қалай ұрсыспай өмір сүресіздер? 56:58 Рүстем Жаныаманов қандай күйеу? 1:02:27 Ең алғаш сахнаға шыққан кезіңіз 1:04:48 Сахнада айтар сөзді қалай жаттайсыз? 1:08:36 Өнерден кеткім келеді 1:12:38 Тарихи киноға түскім келмейді. Актер болу өте қиын 1:22:44 Жұлдыз ауруымен ауырған кездеріңіз болды ма? 1:26:00 Мұқтаждықтан киноға түсіп жүрмін. 1:28:30 Үкіметке үлкен ренішім бар. Бізде шатағы жоқ. 1:34:26 Тарихи кино түсіру үшін қанша ақша керек? 1:35:20 Хиджаб киіп, ниқаб тағып кете жаздадым. 1:38:20 Рүстемге ескерткіш қою керек 1:42:56 Қай елде өмір сүргіңіз келеді? 1:45:04 Баласы ауру ата-аналарға қандай кеңес айтасыз? 1:47:03 Библяны қазақша дыбыстап бердім 1:53:10 Қызық сұрақтар 2:10:40 Қорытынды Подкаст қонақтары: Рүстем Жаныаманов, / zhanyamanov_rustem Жанаргүл Жаныаманова, / zhanargul_zhanyamanova Жүргізуші: Жанар Байсеміз, / janar_baisemiz Келесі подкастқа кімді қонаққа шақырайын, астына пікір жазып қойыңыздар! Барлық пікірді оқимын! ❤️