Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күні – ұлттың жетістіктері мен тамырына деген мақтаныш сезімін тудыратын күн. Мемлекеттік рәміздердегі белгілер ұлттың тыныс-тіршілігін, болашаққа деген үмітін, ұмтылысын, арманын бейнелейді. Бүгінгі мерекеде ұстаздар оқушылармен бірге жұмыс күнін Мемлекеттік Гимнді орындаудан бастады. Мақсаты – мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын көрсетіп, оларды құрметтеуге шақыру. Шараға 27 мұғалім мен 37 оқушы қатысты. Еліміз – ортақ үйіміз. Еліміздің рәміздерін құрметтеп, жастар арасында отансүйгіштікті нығайтуға әрқайсымыз бір қадам жасай аламыз.