Наурызнама аясында 16 наурыз Мәдениет және салт-дәстүр күні.
Қазақ мәдениеті, өнері мен ұлттық салт-дәстүрі - ұлттың мәдени коды. Қазақ халқының тек өзіне тән, ешбір қайталанбайтын, бірегей салт-дәстүрлері бар. Сондай дәстүрдің бірі - құрсақ шашу тойы.Аяғы ауыр әйелге қатысты орындалатын дәстүрдің басты мәні - қуанышты атап өтумен қатар болашақ ананың денсаулығына ерекше мән беру болып табылады.