G
enby!

«Ана туралы жыр» - МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ #GlobalСhallenge

«Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджі: МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ #GlobalСhallenge ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджі жалғасып жатыр. ⠀ Ән марафоны атақты композитор, ән жанрының әйгілі майталманы, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі, ҚР Әнұраны әуенінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналады. «Менің Қазақстаным» халықаралық музыкалық челленджін Роза Рымбаевадан қабыл алған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы «Ана туралы жыр» әнімен жалғастырды. Танымал опера әншісі эстафетаны әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы мен Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсаходжаеваға және алыс-жақын шет елдердегі қандастарымызға жолдады. #МеніңҚазақстаным #GlobalChallenge #ШәмшіҚалдаяқов90жыл

Смотрите также