ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚОСШЫНЫ ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласын дамытуды тапсырды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты жеке қабылдаған Президентке, әуелі, өңір ахуалы бүге-шүгесіне дейін баяндалды. Аймақ басшысы барлық бағыт бойынша көрсеткіш өсіп жатқанын жеткізді. Мәселен, соңғы екі жыл ішінде 5 мыңға жуық тұрғын баспаналы болыпты. Бұл алдыңғы жеті жылдың жетістігіне тең көрінеді. Сондай-ақ, кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы 29 пайыз азайған. Марат Ахметжанов желтоқсанға дейін 9 елді мекенге газ құбыры тартылып, облыс орталығындағы 200 мың азамат сапалы сумен қамтылатынын да айтты. Инвестиция, ауыл шаруашылығы салалары да сырт қалмады. Наш сайт - https://1tv.kz/
Tik-Tok - https://www.tiktok.com/@1tvkz1?_t=8bD...
instagram - / 1tvkz Facebook - / posts Telegram - https://t.me/eurasia1tvkz
Qoslike - / qoslike Көреміз - / @koremiz_show #новости #новостиказахстана #первыйканалевразия #первыйканалевразия #новости #новостиказахстана