ЗАҢСЫЗ 12 ЖЫЛҒА СОТТАЛҒАН АТБЕГІ САТПАЕВ ЕРНАЗДЫҢ ШЫНДЫҒЫ
Сатпаев Ерназ 12 жылға нақты дәлелдемелерсіз бас бостандығынан айырылған. Сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарының шала әрі толыққанды жүргізілмеуі себебінен, сот бір жақты істі қарап, келтірілген дәлелдемелерге қарамастан Сатпаев Ерназды кінәлі деп танып, заңсыз 12 жылға бас бостандыған айырған. Бүгінгі таңда Сатпаев Ерназ осы заңсыздықтармен келіспей, әділдік сұрап өлім алды хатын жазып, аштық жариялады. Осыған қоса барша қазақ елі жас жігітке әділдікті талап етуде. Сот жүйесіндегі заңсыздықты тоқтатуды сұраймыз.