G
enby!

Қызылордада «Цифрлық криминалистика» форумы өтті

Полицейлер сәйкестендіру нөмірі өшірілген қарудың иесін енді санаулы секундта анықтай алады, деп хабарлайды 24kz. Сондай-ақ салаға биологиялық ізді жылдам табатын автоматтандырылған жүйе енгізіліп жатыр. Заманауи технологиялар Қызылордада өткен «Цифрлық криминалистика» форумында таныстырылды. Сәйкестендіру нөмірі өшірілген атыс қаруының иесін бірнеше секунтта анықтауға болады. Цифрлық магнитооптикалық құрылғы металдағы өшірілген таңбаларды қайта қалпына келтіреді. «Бұл қылмысты ізін суытпай ашуға көмектеседі», - дейді мамандар. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24

Смотрите также