G
enby!

Фонограммамен өлең айтқан әншілер 3,5 миллион теңге айыппұл арқалайды

Енді әншілер фонограммамен ән айта алмайды. Бұдан былай концерт кезінде аузын жай ғана жыбырлатып тұратын өнер адамдары 3,5 млн теңге айыппұл арқалайды. Себебі көрермен ақысын төлеп келген соң, сазды әуен сахнада тек жанды дауысты орындалу қажет дейді депутатттар. Эстрада жұлдыздарының "өңделген әндерін" әшкерелейтіндер кімдер? Жауапты ведомства өкілдері не дейді? Әріптесім Серік Дәрменұлының сюжетінінен білейік. СЕРІК ДӘРМЕНҰЛЫ, тілші : Енді осылай жанды дауыста ән салмаған өнер адамдары қыруар ақша төлейді. Яғни, әнші концерт кезінде фонограмма қолданса, бірден 3,5 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл жауапты министрлік пен халық қалаулыларының енгізіп жатқан жаңа тәртібі. 25 жыл сахнада жүріп жұрттың жүрегін жақсы әндерімен жаулаған Қарақат Әбілдина бұл заңға қарсы емес. Бірақ еліміздің көптеген өңірлеріндегі концерт өтетін жерлерде сапалы техника мен білікті мамандар тапшы дейді. Жұлдыздар жанды дауыспен өнер көрсеткісі келгенімен ондай жағдай барлық жерде жасалмағанын да ескерген жөн деп санайды. ҚАРАҚАТ ӘБІЛДИНА, әнші: Жақсы жазылған минусыңмен сахнаға шығасың, бірақ сол минуспен бірге сенің даусыңның балансы үйлесім табу үшін, ана жақта бәрін білетін, жақсы түсінетін дыбыс режиссері отыру керек. Бізде тіпті дыбыс режиссері де жоқ қой. Дегенмен, фонограммаға жаппай тыйым салынған жоқ. Шектеу тек көпшілік қатысатын мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысты. Бұл - көрерменнің ақысын ақтау үшін жасалған қадам. Өйткені 25-50 мың теңге төлеп, билет сатып алған адам тірі дауысты естуге құқылы дейді жауапты ведомство өкілдері. АЙБЕК СЫДЫҚОВ, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі: Фонограммаға тыйым салу мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық кодекске жаңа норма енгізіліп отыр. Онда 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. +Бұл норма тек 200 адамнан жоғары қатысатын концерттерге ғана қолданылады. Ұйымдастырушы - сол әншімен келісімшартқа отыратын, сахнаны жалдайтын, билетті сататын тұлға. Сондықтан маман да айыппұлдан қашып құтылмайды. Ал, жұлдыздардың фонограммен айтқан-айтпағанын қадағалайтын жергілікті билік. Кез келген азамат фонограмма қолданылғанын дәлелдесе, мәдениет басқармасына шағым түсіре алады. Бірақ, бұл талаптар жеке той мен отбасылық іс-шараларға және телевизиялық жобаларға қатысты емес. Ең бастысы әнші халық алдына шығып, әнді фонограмаммен орындайтынын алдын-ала ескертсе айыппұл төлемейді. #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Смотрите также