G
enby!

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан қаласында 500 орындық көрермен залы бар мәдениет үйі пайдалануға берілді. Мәдени нысанның лентасын Нұралхан Көшеров пен Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және рухани шаһардың мәдениет саласына өлшеусіз үлес қосқан Ұлжан Мұстафаева қиды. Мәдениет үйінің жалпы алаңы 3 мың шаршы метр құрайды. Ғимаратта концерт залы, шағын мәжіліс залы және арнайы қызметтік бөлмелері мен асхана қарастырылған. Жобаның құны 1 млрд 600 млн теңгені құрайтын мәдениет үйінде келушілерге қажетті жағдайлар толық ескерілген деуге болады. Концерт залында дыбыс құрылғылары, бейнеэкран секілді өзге де жабдықтармен толық қамтылған. #rek #рек #туркестан #түркістан #үй #мәдениет

Смотрите также