G
enby!

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында нағыз күріш оратын шақта шаруалардың жұмысы тоқтап тұр

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Қызылорда облысы Қармақшы ауданында нағыз күріш оратын шақта шаруалардың жұмысы тоқтап тұр. Жүзге тарта диқан жаз бойы еккен егінді жинай алмай, алқапты күзетумен жүр. Айтуларынша, екі ай бұрын тәртіп сақшылары жол ережесін бұзғаны үшін айып тұрағына қойған жүк көлігінде комбайнның өте қымбат бөлшегі болған. Ал кейін көлікті қайтарғанымен, оған тиелген қосалқы бөлшек із-түссіз жолғалған дейді. Диқандардың мәселесін әріптесім Абай Нұржанұлы тыңдап келді. АБАЙ НҰРЖАНҰЛЫ, тілші: Қыркүйек айының соңы болса да Ақтөбе ауылындағы шаруа қожалығына тиесілі 600 гектар аумаққа егілген күріш әлі жиналмай тұр. Диқандар полицейлердің кесірінен егінге орақ сала алмай, жұмысымыз тоқтап қалды дейді. Ал мәселе жуық арада шешілмесе, жаз бойғы еңбегіміз зая кетіп, шығынға шаш етектен батамыз деп ашынады. АСҚАР ТӘТИЕВ, диқан: -Техникамыз тұр. Қосалқы бөлшегі жоқ. Тауып бере алмай отыр. Біздің техникамыз болмаса қалай жинаймыз?! Өздеріңіз көріп отырсыздар, қандай әдемі күріш. Осыны жинамасақ, шаруашылыққа орасан шығын. Бір дән үшін біз қызмет еттік ала жаздай. Диқандар бұрын-соңды болмаған қиындыққа тап болдық дейді. Қазір жұмыссыз қалған жүзге тарта адам алқапта қаңтарылып тұрған техника мен егістікті тек күзетіп жүр. Айтуларынша полицейлер алып кеткен қымбат қосалқы бөлшек болмаса, комбайн іске қосылмайды. Сондықтан қожалықтың өкілдері адвокат жалдап, тәртіп сақшыларының үстінен арыз түсірген. ӘЛІШЕР МАХАНОВ, диқан: Машинамен қосып алып кеткен ішкі істер бөліміне. Бір күн барғамынызда көрсетпеді. Үш күн бойы барғанымызда көрсетпеді кейін штраф төлеген соң аласың деп. Үшінші күні алуға барғанымызда үстіндегі зат жоқ. Зат қайда деп ек білмейміз деді. Содан бері тұрысы мынау комбайнның. Шаруалар жүк көлігін тәртіп сақшылары алып кеткеннен кейін қосалқы бөлшектің жоғалғанына барлық дәлел бар дейді. Ал бұған байланысты аудандық полиция бөлімі “Ұрлық” бабы бойынша іс жүріп жатқанын жеткізді. РУСЛАН ТАЛАПБЕК, Қармақшы аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары: Ақтөбе ауылының тұрғыны арызы негізінде Қармақшы аудандық полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3 бөлігінің 3-тармағымен Қылмыстық іс тіркеліп қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Құзырлы орган өкілдері тергеуді созбалаңға салмай, істің ақ-қарасын анықтап, тез арада мүлкімізді қайтарып берсе дейді шаруалар. Өйткені жиналмаған мыңдаған тонна астыққа енді орақ түспесе, шаруалардың жаз бойы еткен еңбегі еш кетеді. Ал комбайнның жоғалған қосалқы бөлшегі Қазақстанда сатылмайды екен. ------------------------------------------ Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зерттеулер]   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также