Қазақстанға қайтарылған активтер аукционда сатылып, ел қазынасына қаржы түсті
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Қазақстанға қайтарылған активтер, яғни сағат, сақина, коллекциялық монета секілді бұйымдар аукционға шығарылып жатыр. Ең соңғы лоттың қорытындысы бойынша ел қазынасына тағы 336 379 теңге түскен. Электрондық сауда порталы таратқан дерекке қарағанда, сауда қызу жүрген сияқты. Өйткені, сағат пен сақинаға бірден жеті адам таласқан. Сондықтан, бастапқы баға екі есеге ұлғайыпты. Осылайша, «Eco Swis» қол сағаты 97 мың, қазақы нақыштағы сақина 85 мың теңгеге кеткен. Ал, «Шыңғыс хан» коллекциялық монеталары 153 мың теңгеге сатылған. Түскен қаржы Арнаулы мемлекеттік қорға жіберіледі. Қор қаражаты әлеуметтік маңызы бар жобаларды – мектеп, аурухана, спорт нысандары мен инфрақұрылымды салуға бағытталмақ. Айта кетейік, қазір компанияның басқаруында 142 актив бар. Оның 109-ы зергерлік бұйым. «ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС баспасөз қызметі: 2025 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 48,2 миллиард теңгені құрайтын 106 актив сатылды. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік, жылжымалы мүлік, элиталық зергерлік бұйымдар, қол сағаттары, коллекциялық монеталар, сондай-ақ шетелдік активтер бар. Арнайы мемлекеттік қорға 27,3 миллиард теңге аударылды. Оның ішінде 26,2 миллиард теңгесі активтерді сатудан түскен түсім. ------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық