«Жетісу асылы» – қазақ жылқысының жаңа түрі
Талдықорғандық фермер Александр Софин қазақ жылқысының жаңа түрін шығарып, оған «Жетісу асылы» деген атау берді. Жақында Испаниядан ДНК анализдерінің нәтижесі келді. Селекциялық жұмыстарға жақсы баға беріліпті. Отандық және шетелдік ғалымдар да мұны жылқы шаруашылығындағы революциялық жаңалық деп отыр. Енді оны патенттеп, зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастыруға қол қысқа болып тұр. Өйткені қаражат жетпейді және Қазақстанда мұндай селекциялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету жағы қарастырылмаған. Изабелла түсті, яғни шегір көзді, ақ жылқылар табиғатта көп кездеспейді.